MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Сағындым туған жер сені
Әннің атауы
Әннің атауы:
Сағындым туған жер сені
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№88, 10 қыркүйек 2026 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марат Жолдыбаев
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Әннің бейнебаяны
Ән мәтіні

Сағынып жүрмін бауырым,

Нөсерлі мерзімді ақ жауын.

Тербелген жал-жал толқындай,

Бел-белес қырқалы ауылым.

Сағынып жүрмін, туысқан,

Сәлем сөз жолдап, алыстан.

Бір жүріп өскен ауылда,

Бірге ойнап күліп алысқан.

 

Қайырмасы:

Сағындым, сағындым сені,

Бал-бұлақ, қоғалы көлді.

Шалғынды шайқаған желі,

Аптапта ойнаған сағым,

Шағыл, сор, саз, тақыр жері.

Сағындым, сағындым елді,

Сағындым туған жер сені.

 

Қонысын елім жырлайын,

Сағыныш әнім жолдайын.

Сай-сала, жыра, жықпалда,

Әніме арқау әрдайым.

Тайсойған, Нарынды аралай,

Ақ Жайық жағаң жағалай.

Сағыныш саз, самал өбер,

Еркелеп ерке баладай.

 

Қайырмасы

 

Сағындым барша жамағат,

Талқыдан жүрер қорғалап.

Сағындым сіздерді ағалар,

Сүрінсем тұрар қаумалап.

Жымиып кербез керілген,

Назданып ерін шүйірген.

Сағындым құрбы, жеңгейлер,

От сепкен бота көздерден.

 

Қайырмасы

 

Ән нотасы
Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2026 MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика