| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлжан Сәкенова | |||
| 2. | Әлібек Сарин | |||
Құтты мекен Бозойдың атырабы,
Сары алтындай мап-майда топырағы.
Албырт сезім билеп ап өн бойыңды,
Аңқып жусан иісі шақырады.
Қайырмасы:
Бозой жерін жайлаған,
Үсті киік, бөкенім.
Бауырына балаған,
Асты мұнай мекенім.
Жастарына жайнаған,
Сағынышпен жетемін.
Бақ-дәулеті қайнаған,
Елді сүйіп өтемін!
Қонақжәй, жаттығы жоқ ешбір жанға,
Қосады ән айтқызсаң таңды-таңға.
Ары бар, намысы бар ұл мен қызы,
Елі үшін қосатындай жанды-жанға.
Қайырмасы
Көктемде келген адам осы жаққа,
Сезінер тап болғандай Иран баққа,
Бар жеміс ағаштары бүршік жарып,
Жұпар исі тарайды шар тарапқа.
Қайырмасы