| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марита Қабижанқызы | |||
Хат жазыпсыз жас жігіттей желіден,
Оңтүстіктей дархан дала елінен.
Қайдан шығып жатыр мұнша туынды?
Деп едіңіз танысқанда менімен.
Жауап жаздым әппақ қардай тілекпен,
Өнерімді бағалапсыз жүрекпен.
Ағып жатқан бұлақ депсіз, замандас,
Әндерімді өмір мәнін жыр еткен!
Шабытымды кездерім жоқ қайтарған,
Жүрегімнен тулай шықса байсалды ән.
Бір кездесу бұйырмапты біздерге,
Қош болыңыз, желідегі жайсаң жан!
Бір күні мен, көрдім сізді желіден,
Деуші едіңіз хат жазып тұр, өтінем.
Науқастанып, төсек тартып қалыпсыз,
Алыстағы, жақыным боп кетіп ең.
Ғұмыр тілеп мен де сол кез хат жазғам,
Жарқын күн мен алдан атар ақ таңнан.
Жаратқанның жазуымен кеттіңіз,
Қамшы саптай мына бес күн жалғаннан.
Сырлассам ба деп едіңіз өзіңмен,
Серпілдім бір, қалқам жылы сөзіңнен.
Әндеріңе тәнті болып жатырмын,
Бата бердім, жас тамызып көзімнен.
Дегеніңіз әлі есімде жайсаң жан,
Еске аламын мәңгі сыйлас сезіммен!