| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
| 2. | Бауыржан Әділов | |||
Медеудей сұлу жер осы.
Әлемге аты әйгілі.
Қоршаған шатқал, белесі,
Ғажайып мұз айдыны.
Биікте сонау,
Қол бұлғап тұр Шыңбұлак
Мың арна кеп Медеуіне қосылған.
Қайырмасы:
Медеу!
Қыста қалың ақ қары,
Шақырады шатқалы.
Алматы – ару мекенімсің.
Медеу!
Шың басына орнаған,
Талайларға арман-ән.
Медеуім, әнім саған арнаған.
Бұл Медеу – мекен ғажап тым,
Осында бәрі ғажаптың.
Тәңірдің тартқан сыйы бұл,
Маңдайындағы қазақтың.
Биікте сонау,
Қол бұлғап тұр Шыңбұлак
Мың арна кеп Медеуіне қосылған.
Қайырмасы