| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марита Қабижанқызы | |||
Қыздар едік, ақ бантикті, бал қылық,
Білім алдық, жастық шақта шалқыдық.
Бір әулетті келін болып қуанттық,
Сүйген жігіт алды бізді жар қылып.
Тағдыр кейде сан арманға жеткізген,
Жолымыз бар, талмай еңбек еткізген.
Өмір заңын игерсем деп жүргенде,
Асып кеттік елу, алпыс, жетпістен.
Қайырмасы:
Соңымызда қанша қызық із қалды,
Сүйген жар да, еркелетті, қызғанды.
Уақыт жүйрік жақындатты сексенге,
Он сегізде дегенменен қыздарды.
Өсірсек деп еңбек еттік ұл-қызды,
Алға қарай жетеледі жыл бізді,
Қайнап жүріп базарында өмірдің,
Немереге қалдырдық көп үлгі ізді.
Салиқалы сексен есік тұр қағып,
Дана әже қылды бізді бұл уақыт.
Болайықшы зор денсаулық иесі,
Әдемі боп қартаю да бір бақыт!
Қайырмасы