MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Сен біртүрлі емессің
Әннің атауы
Әннің атауы:
Сен біртүрлі емессің
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№89, 7 қазан 2026 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
№ Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
2.Мөлдір Бақытқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Әннің бейнебаяны
Ән мәтіні

Ашу-ыза кернесе өн бойыңды,

Жақсылыққа бұра алмасаң ойыңды,

Күмәнданып, қорықсаң да ертеңнен,

Сен бүртүрлі емессің...

Сол бір ішкі сезіммен,

Мына әлемге, керексің!

Жүрсең дағы сен әлсіздік танытып,

Қалауыңды жасай алмай жарытып,

Қателікпен өкінсең де өткенге,

Сен біртүрлі емессің,

Өзің үшін жәй ғана,

Бақыт іздеп келесің!

 

Қайырмасы:

Қай жолымен жүрсең де бұл өмірдің,

Сен дұрыссың, шекпесін бос көңіл мұң.

Біртүрлі деп, сын айтса да өзгелер,

Сен біртүрлі емессің,

Өз жолыңмен себебі,

Өмір сүріп келесің!

 

Шаршасаң да тағдырыңа өкпелеп,

Маңдайыңнан өмір заңы тепкілеп,

Қиналсаң да өксік қысып өңешті,

Сен біртүрлі емессің,

Сен мықтысың алдыңда,

Шығар биік белесің!

Міндеттерді ілсең де артық мойынға,

Бар кінәсі жүрсе адамның ойыңда.

Жыласаң да, жалғызсырап мұңайып,

Сен біртүрлі емессің,

Өйткені, сен жүрекпен,

Жақсылыққа сенесің!

 

Қайырмасы

 

Сен, біртүрлі емессің,

Жақсылыққа сенесің!

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2026 MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика