MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Әннің атауы
Әннің атауы:
Тана мырза
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№89, 7 қазан 2026 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
№ Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Жамбыл Жұманбаев
2.Қадылбек Кунафин
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Әннің бейнебаяны
Ән мәтіні

Оза шауып қатардан,

Тана мырза атанған.

Риза болған жұртынан,

Ел алдында бата алған.

Тана мырза кемеңгер,

Ұрпағы алғыр өрендер.

Мешіт салып халқына,

Ел сауатын ашқан ер.

 

Тана мырза – данасың,

Тіршілікте дарасың.

Егін салып дән жиған,

Ел жұртыңа панасың.

 

Ақыл асқан ардағым.

Билеп өткен бар маңын.

Салтанатпен ап жүрген,

Батыр, балуан, бағланын.

Жарқ-жұрқ еткен асылдай,

Көктен түскен жасындай.

Аян беріп әкеге,

От боп кірген осылай.

 

Қалың қара қамыста,

Жолбарыспен алысқан.

Асыл туған Танаға,

Алла өзі болысқан.

 

Тана мырза – данасың,

Тіршілікте дарасың.

Егін салып дән жиған,

Ел жұртыңа панасың.

 

Қалың қара қамыста,

Жолбарыспен алысқан.

Асыл туған Танаға,

Алла өзі болысқан.

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2026 MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика