MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Әннің атауы
Әннің атауы:
Азан үні
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№90, 13 қараша 2026 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
№ Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Қонағы боп, отырғанда құрбымның,

Байқамаппын, батқанын да, мен күннің.

Азан үні естілгенде селт етіп,

Биіктегі терезеден үңілдім.

Азан үнін жүрегіммен түсіндім,

Мешіт үйін суретке де түсірдім.

Ажарына Әзірет Сұлтан мешіттің.

Қарап ұқтым, мен Алланың күшін шын.

 

Қайырмасы:

Талай өткем бұл мешіттің жанынан,

Сәулетімен, мешіт еді, танылған.

Азан үні сезіндірді бүгінгі,

Мешіт барын, иман нұры дарыған.

 

Мұнда байлық, мансап та жоқ бөлінген,

Бәрі бірдей ақиқатқа жүгінген!

Сапта тұрған пенделердің жүзінен,

Бір Аллаға деген сенім төгілген!

Барлық адам кешпей өтсін, азап-мұң,

Пенделіксіз өтсін әрбір ғажап күн!

Салтанатты, қасиетті бұл мешіт,

Дәстүрімен үндесіп тұр қазақтың!

 

Қайырмасы

 

Қандай әсем, сәулетінен, нұр тасыр,

Астананың ақ мешіті бұл асыл.

Жүрегіне адамдардың нұр құйып,

Алла үйі жарқырасын мың ғасыр!

 

Қайырмасы

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2026 MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика