| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марита Қабижанқызы | |||
| 2. | Маусымжан Диханбаева | |||
Бар өмірін жақсылыққа арнаған,
Асыл ана дәл өзіңдей бар ма адам?
Сенің бейнең қарашықта сақталған,
Табылмайды сенен биік жан маған!
Қайырмасы:
Өміріме жылу нұрын дарытқан,
Мына әлемнің сұлулығын танытқан.
Сенсің ана періштесі жанымның,
Жеткізетін мейіріммен жарық таң.
Мен жастансам талмаушы еді білегің,
Тағдырымның елемеуші ем түнегін.
Асыл анам жарқыра деп жаухардай,
Жұмақ жақтан шырақ жақты-ау жүрегің.
Қайырмасы
Бізге үлгі, салиқалы ғұмырың,
Қадірлі ең, анашым-ау – ұлығым!
Ұрпағыңды, желеп жебеп әрдайым,
Жүргеніңді сезіп жүр ғой құлының!
Қайырмасы