| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Самат Сыпатайұлы | |||
| 2. | Қасым Аманжолов | |||
Арқаның арланындай алып Шыңғыс,
Көргелі келдім аңсап сені тұңғыш.
Көтеріп әкетесің көңіл күйін,
Мүлгіген ойға шомып бұйра шың, құз.
Қайырмасы:
Хан, Орда, Дегелең мен Құндызды, Арқат,
Дейтін жер шіркін көңіл құмар тарқат!
Айнала Қарауылды дөңгеленген
Ырысты дастархандай жатыр алқап.
Қараймын Қарауылдан аймағыңа,
Ұшырып қиял құсын қайдағыға
Мекені ақындар мен батырлардың,
Сүйсінем, Шыңғыс, сенің айбарыңа.
Қайырмасы
Бақыт пен берекенің кең өлкесі,
Екенсің шіркін Шыңғыс жер еркесі.
Қарайсың Қарауылдан Жидебайға,
Көрініп ақын атаң көлеңкесі.
Қайырмасы