| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марита Қабижанқызы | |||
| 2. | Маусымжан Диханбаева | |||
Мықтылық нәрі тамырдан,
Ұрпақ деп жаны ауырған.
Тірегім болып қорғадың,
Жан әке соққан дауылдан.
Қолдаған қызын әрдайым,
Әкеме бір ән арнайын.
Алақаныңның жылуын,
Сезеді әлі маңдайым.
Қайырмасы:
Әке – жап-жарық нұрлы шырағым,
Әке – асқар тау қамал тұрағым.
Әке – биіктік көрсем өмірде,
Тұлғаңды ойлап тұрамын.
Шындыққа жаны байланған,
Намысы сертке айналған.
Батырлық сені әкетай,
Қайтарған аман майданнан.
Күш беріп рухың көңілге,
Жол ашқан батаң өмірге.
Сақтаулы бейнең жан әке,
Орының жүрек төрінде.
Қайырмасы