| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Назым Әділбайтегі | |||
Тарихты қала Түркістан,
Саған арналды бұл дастан.
Жазайын шама жеткенше,
Бастайын бәрін о бастан.
Арыстан-Бабтан кейінгі,
Ахмет-Ясауи сендегі.
Қазақ ұлы халқының,
Елеулі болған елдегі.
Арыстан-Баб ұстазын,
Құрмасын беріп тапсырған.
Аманатын қабылдап,
Шәкірті болып тақ тұрған.
Арыстан-Бабқа түнейді,
Түркістаннан тілейді.
Арманы мен мақсатын,
Барлығын сенен сұрайды.
Дүние жүзі халқының,
Меккесі болса жарайды.
Жаңғырып сонда жарқырап,
Жарығы көкке тарайды.
Осыдан бастап қажы атын,
Өзіңнен алса болады.
Сонда қазақ халқының,
Көңілі тасып, толады.
Бас иіп бәрі табынып,
Өзіне ғана келеді.
Сенің қадір-қасиетіңе,
Көздері жетіп сенеді.