№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ескендір Хасанғалиев | |||
2. | Мұхтар Шаханов |
Өзің едің тірегімде,
Жыр боп тудың жүрегімде.
Мені сендей түсінетін,
Кім бар екен бұл өмірде.
Күн туса да толқымалы,
Толқымалы, шалқымалы.
Сен ешқашан өзгертпедің,
Пікіріңді мен туралы.
Әнің әнге жалғасын деп,
Келеді арман алға сүйреп.
Менің кемем өрге жүзсе,
Сен қуандың алғашқы рет.
Астына алып қанатыңның,
Нұрын шаштың жан отыңның.
Мен мұңайған кездерімде,
Қасымда ылғи сен отырдың.
Саған мәңгі борыштармын,
Көңіліме қоныстандың.
Азаматтық ажарыңа,
Мақтау айтсам намыстандың.
Жарқын құшақ жайған айым,
Сеніміңе сай болайын.
Мені сүйген жүрегіңнің,
Лүпілінен айналайын.