№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Шәмші Қалдаяқов | |||
2. | Қадыр Мырзалиев |
Тулаған қаны бар,
Тұлпар да табылар – үміт болса.
Күн туса басыңа,
Мойыма, жасыма – жігіт болсаң.
Қайырмасы:
Толқысын шартарап,
Тасышы, тебіренші, о, гитара!
Жан серігім төгілсін күй тарап жаның тарықпасын.
Ән шарықтасын,
Қайран басың, ғаріп басың, көзіңді жұмбай қамықбасын.
Қайнаған қаны бар,
Қалыңдық табылар – үміт болса.
Шаттықты уыстан,
Шығарма туысқан – жігіт болсаң.
Қайырмасы
Сәні бар, әні бар,
Дәулет те табылар – үміт болса.
Досыңа, ғашыққа,
Бәрінде шашып бақ – жігіт болсаң!
Қайырмасы