№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтынбек Қоразбаев | |||
2. | Нұрсұлтан Назарбаев |
Үшқоңыр Алатаудың баурайында,
Әкемнің ізі қалған жайлауында,
Қасқа су гүр-гүр тасып, гүл еркелеп,
Арқарлар жайылады аймағында.
Қайырмасы:
А-а-ай,
Үшқоңырым туған жерім,
Рақым нұры тұнған жерім.
А-а-ай,
Үшқоңырым тал бесігім,
Жүрегімде мәңгі есімің.
Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар,
Бабалар тұлпарының дүбірі бар.
Бұл жерде Жамбыл, Жәкем өлең айтқан,
Өмірдің, ақындықтың ғұмыры бар.
Қайырмасы
Шыңдары Төле бидің қалпағындай,
Жазира жасыл әлем алқабындай.
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені,
Әжемнің шекер қосқан талқанындай.
Қайырмасы
Көрінер сонодайдан анық маған,
Шыңында қырандары қалықтаған.
Қыранның самғауына құмар халық,
Туыпты ұландарын алып далам.
Қайырмасы