№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Құмарбек Сыдықов |
Жадымнан шықпай, арайлым,
Жолыңа күнде қараймын.
Қоштасқан сол бір сағаттан,
Уақытты өткен санаймын.
Сыр болып назым тарқамай,
Сағындым сені қалқам-ай.
Толқынға тосып жанымды,
Шақырған болам сабырды.
Торықпа, жаным – десем де
Қайтейін, сәулем, сағындым.
Сағыныш сазы тарқамай,
Жүрмін ғой аңсап, қалқам-ай.
Жабықпай жаным жүрші, айым,
Деп едің, келші құшайын.
Жауынгер жарым оралшы,
Алдыңнан құс боп ұшайын.
Көңілден көп ой тарқамай,
Сағынып жүрмін, қалқам-ай.
Сағыныш сазы тарқасын,
Оралшы тездеп қалқашым.