№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлбақыт Қасен | |||
2. | Мұратбек Сарбасов |
Ұлы дүбір. Ұлы күні ұлыстың,
Алашыма нұрын төккен күміс күн.
Шайқалмасын, бақ-береке бесігі –
Шығыс елі, түркі бауыр, туыстың.
Қайырмасы:
Әз Наурызда әппақ көңіл, ақ жүрек –
Наурыз көже, ақ дастархан, ақ тілек.
Уысыма ақ ірімшік толтырып,
Ұлысыма жыр төгейін бақ тілеп.
Ақбоз үйлер. Алтыбақан. Көрікті ел –
Ұлттық болмыс, ұрпағыма көрік бер.
Сәукелелі қыз алдында перизат –
Намыс туын жыққан емес бөрікті ер.
Қайырмасы
Ұлы күнгі әсем ән мен жыр ғажап,
Бұлақ үні сыңғырлаған сыр ғажап.
Жібігенде Самарқанның көк тасы –
Ұлытауға ұлар қонған бір ғажап.
Қайырмасы