№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марат Омаров | |||
2. | Қайрат Жұмағалиев |
Шет жүрсем сағынарым,
Жабықсам шағынарым,
Анашым бір өзіңсің – табынарым.
Қайырмасы:
Анашым шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең.
Жүрегім жыр толғайды,
Көңілім ортаймайды.
Анасы бар адамдар,
Ешқашан қартаймайды.
Ұшырған сұңқарыңмын,
Қияға шырқарыңмын,
Бәйгеге өзің қосқан – тұлпарыңмын.
Қайырмасы
Қорғаным өзің деймін,
Жан дауа сөзің деймін,
Анашым сені ойласам көз ілмеймін.
Қайырмасы