№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Айналайын ақ жүзің, айдан әппақ, айхай-оу
Сендей жарды ер жігіт, қайдан таппақ
Әппақ сенің тамағың, іздесем қайдан табамын
Көрген адам қасыңнан, кете алмайды, айхай-оу
Мұз үстінде жүргендей, тайғанақтап айхай-оу
Әппақ сенің тамағың іздесем қайдан табамын
Құлағыңа таққаның күміс сырға, айхай-оу
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға
Әппақ сенің тамағың, іздесем қайдан табамын
Сағынғанның белгісі осы екен деп, айхай-оу
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға
Әппақ сенің тамағың іздесем қайдан табамын
Айналайын атыңнан алтыным-ау, айхай-оу
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ау
Әппақ сенің тамағың, іздесем қайдан табамын
Сен дария болғанда, мен қоңыр қаз, айхай-оу
Баурым төсеп бетінде, қалқыдым-ау
Әппақ сенің тамағың іздесем қайдан табамын