№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Аппақ желең ажарың күлімдеп көзің,
Қарай қалсам жанды баурайды.
Аққу құлан айдындай дірілдеп сезім
Сәл көрмесем құмар қанбайды.
Қайырмасы:
Сен менің арман құсым,
Сен менің асылым.
Көркіңде мәр-мәр мүсін
Бейнеңді тасыдым.
Пәк сезімді шертесің сыңғырлап күлген,
Жанға жаққан назың сүйкімді.
Ай нұрына шомылған аумайсың гүлден
Ерке жанды ойлап ем күнде.
Қайырмасы