№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Тұманбай Молдағалиев |
Мен анамды ұғындым деп мактанам,
Тілін білдім, жырын білдім сақтаған.
Өз анасын сыйламаған пақырлар,
Отанын да сыйлап көрген жоқ балам.
Қайырмасы:
Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгінде,
Менің ана, менің ана тілімде.
Қазақ болып туғанан соң бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде.
Ұлым, менің бұл сөзіме бағарсың,
Жанар кезде өзіңді от боп жағасың.
Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ,
Ал басқасын өзің тауып аларсың
Қайырмасы
Барлық тілді үйренерсің сен әлі,
Жігіт болып, жігіт болып саналы.
Қайда жүрсең өз тіліңді ұмытпа,
Өз еліңнің туын көтер жоғары.
Қайырмасы