№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Нұрлан Қалқа |
Амандасты сарбазға бала батыр,
Қалын оның білуге жарап жатыр.
Қорғайды ол Отанын есейгенде,
Қалқан болар еліне қара да тұр.
Қайырмасы:
Әлденені сезгендей бала жүрек,
Хал сұрап тұр сарбаздан сәл елжіреп.
Түсінбейді әрине ол әзірге,
Тыныштықты бұзарын қара жүрек.
Қолын беріп сарбазға бала батыр,
Көңіл-күйін сұрауға жарап жатыр.
Ағалаған кішкентай жүрегінен,
Мейірімнің шуағы тарап жатыр.
Қайырмасы
Ықыласы ауыпты жауынгерге,
Тыныштықты қорғаған ауыр күнде.
Сапқа тұрар ол ертең ержеткенде,
Елім дейтін керек қой бауыр бізге.
Қайырмасы