№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Нұрлан Кішікбай |
Түнерген ойдан шала боп түнің қалды ма?
Ұйықташы, ботам,
Ұйықташы,
Жатшы алдыма,
Шашыңнан сипап, аялап, үнсіз отырмын,
Ұйқыңа қорған болсам деп,
Ылғи жаныңда.
Қайырмасы:
Түсінде бір сәт жұмақтың гүлін жинасын,
Кішкетай жүрек іздесін,
Тапсын қимасын.
Ұйықташы, қалқам,
Оянған кезде құс ұйқы,
Қанатын саған керілу үшін сыйласын.
Бір уыс болған...
Тұйғыным, тәттім - ұйқыңнан...
Айналдым,
Көркем жымиған жүзден жыр тұнған.
Керемет қандай,
Рақмет, Тәңірім, шын сөзім,
Ұмытылмастай сәттерің үшін сый қылған.
Қайырмасы
Қапсырып қатты құшақтай қыстың нені іздеп,
Түсіңде бәлкім жүрсің бе таппай мені іздеп.
Ендім бе әлде жыр болып әсем жаныңа,
Дүрсілдеп кетті жүрегің бір сәт ем іздеп.