№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ахмедияр Есмұқанов | |||
2. | Ғалым Жайлыбай |
Есіл ағады, Есіл ағады,
Ақ бұйра толқын жарды ұрып.
Есіл аққанда есіп ағады,
Жағада жартас жаңғырып.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Мағжанның жүйрік жырындай.
Мені де бір қыз есіне алады,
Тарқатып өрген бұрымдай.
Қайырмасы:
Сырбазым сыңғыр-сыңғыр етеді,
Сұлулар таққан сырғадай.
Түрілген сонау түннің етегі,
Ұйқыңды қайтсін ұрламай.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Есіл ағады ерке өзен.
Көңілге мәңгі көшіп алады,
Аққудай арлы сол кезең.
Есімін толқын есіне алады,
Аймалап ай-күн, жарық құм.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Есіл ағады, жарықтық!
Қайырмасы