№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Сұлу мүсін, жүзің жарқын Айбала!
Тербелесің сылаң қағып жәй ғана.
Мінезің мен ажар, көркің үйлескен,
Тал бойыңа жарасымды сай ғана!
Қайырмасы:
Ақылы асқан, әдемім,
Көңілдің тапты бар емін.
Мұхиттың арғы жағынан,
Жолдаған ыстық сәлемің!
Жас болса да,білім күші дем берген,
Қазақ тілін таза сөйлеп меңгерген!
Айбала қыз жүрегіңнен айналдым,
Қазақ елін бар бақытқа тең көрген!!
Қайырмасы
Алтын түске боялғандай шаштарың,
Ықыласпен достыққа жол бастадың.
Жиырма жеті тіл білетін Айбала,
Таңдандырып, бүкіл әлем жастарын!
Қайырмасы