№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ерлан Есенатаұлы | |||
2. | Роза Есенгелдиева |
Ақ сүт беріп, жан анам мәпелеген,
Парызым көп, алдыңда өтелмеген.
Бұл пәниде, өзіңнен артық жан жоқ,
Шуақ төгіп, қолымнан жетелеген.
Қайырмасы:
Жаулығың әппағы арымның,
Қасымнан сен ылғи табылдың.
Аялап біздерді өсірген.
Анашым тек сені сағындым.
Ұрпақтарың басып жүр ізіңізді,
Күндей нұрлы аңсаймыз жүзіңізді.
Бар бақыт пен шаттыққа бөледіңіз,
Бұл өмірде ұл менен қызыңызды.
Қайырмасы
Өзің едің, бар асыл данамыз да,
Елес болды ақ жүзің санамызда.
Кете бардың, оралмас сапарыңа,
Жоқсың ана бұл күнде арамызда.
Қайырмасы