№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жандос Мағзұмұлы | |||
2. | Роза Есенгелдиева |
Өмір-ай...
Жауабын жолдап,
Қолын бір бұлғап,
Тағдырдың желі өбеді...
Көңіл-ай...
Сезімін бұлдап,
Ғашықта қылмақ,
Бір қайғы басқа жетеді...
Қайырмасы:
Өмір – белес,
Жетер емес,
Асау бір құлын, тай ғұмыр...
Уақыт – елес,
Болжам емес,
Өмір ғой жаным бұл өмір...
Дәурен-ай...
Көңілді толғап,
Әнің бір арнап,
Толқынын қуып кетеді...
Әттең-ай...
Басынан бастап,
Наз-мұңын тастап,
Өткінші бәрі өтеді...
Қайырмасы