№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Белгісіз автор |
Оқу-білім кемесі,
Тәрбие-тәлім төресі, мектебім!
Ұстаздардың жаңғырған
Ұлағатты кеңесі, мектебім!
Қайырмасы:
Жасай бер әрқашан гимназиям,
Екі жүз алтыншы алтын ұям!
Айналып даналық мекеніне,
Есік аш елімнің ертеңіне!
Қол созамыз аспанға,
Жетелей бер асқарға мектебім!
Айналғайсың біз үшін,
Таусылмайтын дастанға мектебім!
Қайырмасы
Құтты болсын халайық,
Шамнан шырақ жағайық.
Гимназиядан барлығын,
Оқуменен табайық!
Айқара ашты есігін,
Бүгін білім бесігім.
Көп болсыншы шәкірті,
Асқақтатар есімін!
Мектебім-ау мектебім,
Тілегім де көп менің.
Өте берсін көңілді,
Өзіңменен көктемім!
Қайырмасы