№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Қарақалпақ әні |
Жайқала өскен гүл жүрек бағына,
Бір өзіңді көрер едім тағы да, тағы да.
Байыз таппай жүрмін жаным сағына,
Сен шақырсаң желдей ұшып барармын, барармын-ей.
Сезім сиқыр асықтырар өзіңе,
Жүрек сырын көре білсең көзімде, көзімде.
Ұшқын атқан бөленетін сезімге,
Шын ұнатқан адам үшін жаралдым, жаралдым-ей.
Шарқ ұрады шалқып көңіл шағала,
Талпынады толқын көңіл жағаға, жағаға-ей.
Мен әйтеуір уақыт салып араға,
Тағы сені бір көруге барармын, барармын-ей.