№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бауыржан Кабиров | |||
2. | Исатай Құрмашев |
Арманы асқақ, рухы биік жастарым,
Құм Нарындай қасиетті мекеннің.
Бағындырған көз жетпейтін асқарын,
Басын ұстап қайтпас қайсар желкеннің.
Қайырмасы:
Үлгі тұтқан Исатайдай батырын,
Дәріптеген Махамбеттей ақынын.
Сәйгүліктей талмай тынбай шаба бер,
Нарынымның нар ұлдары асылым.
Сынға түссе жасымаған, сынбаған,
Жүрегінде жасындайын жалын бар.
Топрағынан қыран ұшқан мыңдаған,
Өр жастарым жарқыраңдар, жаныңдар.
Қайырмасы
Болашағы айқын дағы, жайдары,
Туған жердің тамырынан нәр алып.
Алыптармен мақтана бер айбарлы,
Бабалардың күші бойға таралып.
Қайырмасы