№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ербол Ақбасов | |||
2. | Сәуле Карабалина |
Інкәрлік сезім баурап жанымыз жарасқандай,
Үкілі үміт алдан қол бұлғап шақырғандай.
Сүйкімді сырға толы ғажайып күй кешуден,
Алаулап сезім жанып жүректер ұғысқандай.
Қайырмасы:
Нұр болып жанымызға ақ жауын себелейді,
Қиялмен көңіл шіркін қияға жетелейді.
Ғашықтық ынтықтырған махаббат адал болсын,
Ақжелкен әппақ арман үміттер үзілмейді.
Мені ойлап бәлкім жаным таусылар тағатың да,
Жүрегің болып соқсын сыйлаған сағатың да.
Қияда алмай кетіп барасың қарайлаумен,
Қоштасу қиын болды жас тұрды жанарыңда.
Қайырмасы