№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Абдулмахмуд Пошатаев | |||
2. | Жандос Қаржаубай |
Ерексің қалқам,
Өзгеше сенің тылсымың.
Ішімде жатқан толқыды-ау бүгін бір сырым.
Қалада жаңбыр, жабыққан жүрек, қаяу мұң,
Сезгендей жүрек, сездің бе жүрек дүрсілің?
Қайырмасы:
Сыйласа тағдыр,
Сары ала сезім, күздей мұң.
Сырыңды ұғып,
Жырыңды ұғып іздейін.
Тәніңе емес,
Жаныңа дәру боламын.
Іздеме деме,
Іздеме деме, іздеймін.
Ойлаған жансың,
Намысыңменен арыңды.
Жырларың – кәусар,
Қаламың неткен қарымды.
Бейнең де әсем аққудың балапанындай,
Баурайсың менің,
Баурайсың менің жанымды.
Қайырмасы