№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Еркін Нұрымбетов | |||
2. | Хатимолла Бердіғалиев |
Жаңылмай дәстүрлі саз тынысынан,
Музаның сыр ақтарып дыбысынан.
Айбарлы Алатаудың қыранындай,
Елімнің қанат,
Елімнің қанат қаққан шығысынан.
Қайырмасы:
Мұқан ата ән жырын,
Шырқар ұрпақ бар бүгін.
Ғасырларға ұқтырар,
Біржан-Сара тағдырын.
Елемей ажал оғы борағанын,
Жан жағын өлім қоршап орағанын.
Ер сарбаз жауын жеңді тұмар қылып,
Сұлудың кестелі,
Сұлудың кестелі ақ орамалын.
Қайырмасы
Жеңіспен қуанышты күнің жетті,
Ән болып Ақмаралдай сұлу кепті.
Той атты күміс күйің оркестрде,
Сазымен Сахараны,
Сазымен Сахараны дүбірлетті.
Қайырмасы