№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бержан Файзуллаұлы | |||
2. | Мұрат Пұшатайұлы |
Үшойғырдың басынан ел көшкенде-ай,
Қара желі Қобданың желдеткенде-ай.
Бейбіт күнде бөлініп ағайыннан-ай,
Ойды күдік, бойды мұң меңдеткенде-ай.
Ұранхай мен Дөрбітім
Дөңгеленген келбетің.
Ел көшкенде жер жетім,
Мен көшкенде-ай сен жетім.
Ел көшкенде қимаймын сүйікті елді-ай,
Аққан бұлақ, асқар тау биіктерді-ай.
Неге ғана мен ылғи көше берем-ау,
Көше беру еншіме тиіп пе еді-ай?!
Ағайынға тілегім,
Айтайын деп жүр едім.
Қоштасудың қиыны ай,
Қарсы айрылды-оу жүрегім.
Сыбызғысын сызылтқан сайран елім-ай
Төсің қыстау, өрің жаз жайлап едім-ай.
Ұрпақ қамын ойлауың ұлы мақсат-ай,
Қайда жүрсең аман жүр қайран елім-ай.
Алыс көшіп жөнеген,
Сағынышым үдеген.
Ағайынға осы әнім,
Амандығын-ай тілеген!
Ешкім кесіп кетпейді ат кекілін-ай,
Ата-жұртым шақырды ашты есігін-ай.
Қалғаны да қарыздар, кеткені де ай
Сен аман бол туған жер, бақ бесігім-ай.
Керей, найман, уағым,
Күнгей бетім шуағым.
Тілім, салтым, байрағым,
Мөлдір бастау ай, бұлағым.
Ата жұртым елдегі,
Аманатың көп еді.
Құшағыңды аш Отаным,
Қандастарың ай келеді.