№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Қыз бен күйеу қосылса тең-теңімен,
Бақыт тапса, қыздар барған жерден.
Ертіп келсе төркініне жиенді,
Нағашылар орын берген қақ төрінен!
Қайырмасы:
Жиендерге, жиендерге, тілек айттым ән қылып,
Атсын әр кез, атсын әр кез, алдарыңнан таң күліп.
Татулығы, татулығы, нағашы мен жиеннің,
Ей, қазағым, ей, қазағым, берік болсын, мәңгілік!
Еркелікпен қалағанын таңдайтын,
Нағашыны үлгі етуден танбайтын.
Аман болсын айналайын жиендер,
Дәнекер ғой үзілгенді жалғайтын!
Қайырмасы
Қыз-қарындас, құрметіңе тең кісі,
Жиендер ғой екі елдің елшісі.
Жетістігін көрген сайын марқайған,
Нағашының дайын тұрар еншісі!
Қайырмасы
Керемет