№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марат Оразаев | |||
2. | Үміт Шарипова |
Алматы – ғашықтардың мекені,
Бастап келді мені арман жетегі.
Жылдар бойы жүрегімде көктеген,
Гүл ғұмырдың белгілі ғой өтері.
Қайырмасы:
Алматы, Алматы жанға бақыт сыйлайтын,
Алау гүлі құшаққа еш симайтын.
Алыс кетсең ораласың қайтадан,
Аңсап күткен бір жан бардай қимайтын.
Асқақтаған Алатауы кербез тым,
Жұмақ мекен жылуыңды сезбес кім?
Келмес жылдар қайта оралмас сағаттар,
Сағынатын жастығыммен кездестім.
Қайырмасы