№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлзат Әмин | |||
2. | Қайрат Құматайұлы |
Анашым ауырмашы жаным алаң,
Көрейін дидарыңды жадыраған.
Тірегі ақ ордамның тыянағы,
Жасай бер ұрпағыңның бағына аман.
Қайырмасы:
Ана, ана, өсірген мәпелеген, өмір берген,
Алаңсыз өзің барда жаным ана.
Шынымен бақыттымын өмірде мен,
Ана, жаным ана.
Қосамын қайда жүрсем дұғама мың,
Берсін деп сізге ғұмыр сұранамын.
Жаралған жаны нұрдан әз анамды,
Жаратқан өтінемін сынамағын.
Қайырмасы