№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Жеміс-жидек сіздерге мол сыйлаймыз,
Тары, күріш, арпа, сұлы, бидай біз.
Көктем мен жаз тынбай жұмыс атқарып,
Күз түскенде қазан ұрмай жинаймыз!
Қайырмасы:
Адал – еңбек, шығаратын кермек тер.
Күш қуатпен қиындықты жеңбек ер!
Жер-анадан өнім алған дән егіп,
Біз диқанбыз ерінбейтін еңбеккер.
Сабан тойы бізге ерек мереке,
Көп еңбекті диқандар жүр елете!
Бар қазақтың дастарханын жайнатып,
Сыйлайықшы, берекет пен береке!
Қайырмасы
Дәнді ексек өнім берсін жеріміз,
Бір тал кессең он тал қайта егіңіз!
Диқандардың тілегі осы әрқашан,
Өсіп-өніп, жайнай берсін еліміз!
Қайырмасы