№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлзат Тұрғынбекқызы | |||
2. | Матқұлбек Маясаров |
Аңсағанда...
Риясыз пәк күлкіңді,
Жанарыма мөлдір тамшы іркілді.
Алай-дүлей көңіліме теңеймін,
Шудаланған мына ақша бұлтымды.
Қайырмасы:
Сағынсам да...
Жете алмадым қасыңа,
Тұншығады жүрек көздің жасына.
Ақ сағымға кеткенсің бе, айналып?
Аспандағы жұлдыздардың қасына.
Дәрменсіздік...
Талып кетті қанатым,
Қалжырадым, таусылғандай тағатым.
Асыл бейнең айналды ғой бір сәтте,
Бойтұмарға мойныма тағатын.
Қайырмасы
Қайдасың сен?
Төзімімді тауыстым,
Тәтті мұңмен енді еріксіз қауыштым.
Сағыныштан сары шекпен жамылып,
...Түпсіз оймен тағы жалғыз алыстым.
Қайырмасы