№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Қолымдағы жәдігерлер көзіңдей,
Тұрмас сірә, сыңғыр үні сезілмей.
Бұрымына сән кіргізген анамның,
Күміс шолпы ақ әжемнің көзіндей.
Қайырмасы:
Ғасырлардың күміс бұйым – сырласы!
Айнымайтын тазалықтың тұнбасы!
Жараса ғап, ажарымды ашатын,
Ақ әжемнің қос білезік, сырғасы!
Ұмытпаған ізін жалғар қалқасын,
Әжелерге қалай кінә артасың?
Аманаттап тастап кеткен ұрпаққа,
Күміс жүзік, әшекейлі алқасын!
Қайырмасы
Уақыт көші зымырайды жарысқан,
Мен де әженің күмісімен табысқам!
Таңданады көрген жандар қызығып,
Күміс бұйым көз тартқанда алыстан!
Қайырмасы
Сыйлап кеткен жәдігерді таққанда,
Әже, ана, қыз тағдырлар табысқан!