№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Жарқынбек Қарақұлов |
Алдамшы жалған дүние,
Кімдер бір келіп кетпеген.
Жұлдыз боп өтті біреуі
Теңесіп алау отпенен.
Біреуі өтті күресіп
Кедейшілік пен жоқпенен.
Тарихта қалды біреуі,
Есімін әлем таныған.
Біреуі қаскөй боп өтті
Зұлымға қолын малыған.
Біреуі өтті хан болып
Қан тамып қамшы сабынан.
Біреуі өтті шешен боп
Ақылмен сана бірлесіп
Біреуі өтті момын боп
Жалтақтауменен күн кешіп
Ұры боп өтті біреуі
Қашқақтап елден мың көшіп.
Дана боп өтті біреуі
Елдіктің ойлап ертеңін
Ізіңді жалғар ер болмай
Табалмай жүрмін дерт емін.
Заманның қисық тұсында
Соңымнан кімді ертемін
Жаңылыс кетіп біреуі
Үрдісті бұзды жаңартып
Дәулеті зият болғанмен
Ұяттан оның жаны артық.
Адамдық намыс арынан
Қара басының қамы артық
Бейнетпен адал еңбекпен
Күн көріп өтсең бір бақыт
Тәубешілдікпен күй кешсең
Тұрады күліп таңда атып
Қателіктерді жүз айтып
Жүрмегін ойға мұң артып.