№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Жарқынбек Қарақұлов |
Он сегіз мың ғаламның,
Құбыласы тең заманның.
Кем тұсы болып тұрғаны
Ізі жалғанбай бабаның.
Ескінің шапағаттары,
Ішінде тұрды жанардың.
Амандық саулық сұрайтын,
Мейірімі кетті баланың.
Сəлемің сөздің атасы,
Деп өтті талай асылдар.
Тарихтың ұлы тұлғасын,
Ұмытпас енді ғасырлар.
Жайдарлы мінез ақ көңіл,
Бабада қалды сан сырлар.
Сондай жандарың табылса,
Намыс тұлпарын қамшылар
Қазіргі таңда ата-ана,
Қатігездікпен алысқан.
Ананың тілін алмайтын.
Бала мінезі арыстан.
Келешігінен көрінер,
Бір түйір сәуле алыстан.
Сонда да ақыл кеңесті
Керек етпеген данышпан.
Пайғамбарлардың өзіде,
Аналарына бас иген.
Ояншы ұрпақ көзіңді, аш
Тəубеге қадам басумен.
Мақсатқа ешкім жетпеген,
Асқақтауменен тасумен.
Жазалап қойып жүрмесін,
Жаратқан тəңір ашумен.
Тамырлап келіп ұрпаққа,
Жауыздық қайдан көктеді.
Көз алдынан жойылып,
Бұлыңғыр болып өткені.
Естімей маржан өсиет,
Тарихын үлгі етпеді.
Ақ таңы қашан оятар,
Мейірдің келіп көктемі.
Мейірім деген білсеңіз,
Құрмет пен ізет тұмары.
Ардақтай білу үлкенді,
Қадірдің биік шынары.
Бақыт пен байлық ынтымақ,
Имандылықтан тұрады.
Мейірім рақым шапағат,
Жүректің егіз сыңары.
Мейірімділікті сезінсін
Егерде көзбен көрмесе.
Ол деген жақсы қасиет,
Сізде де болсын ендеше.
Жаратқаннан сұраңыз,
Мейірім сырттан келмесе.
Жер көктен іздеп таппассың,
Тəңірдің өзі бермесе.