| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Болатқали Төлебаев | |||
| 2. | Еркін Нұрымбетов | |||
Жанымның жалауы – сен,
Сезімнің алауы – сен,
Жүректің қалауы – сен
Сен ғана,
Сезімнің шынары – сен,
Төзімнің сынары – сен,
Жүректің сыңары – сен,
Сен ғана.
Қайырмасы:
Сүйкімді, сымбаттысың,
Аяулы, қымбаттысың,
Өзіңе ғашық жүрек
Әмірін тыңдатты шын.
Көңілдің құмары – сен,
Өмірдің тұмары – сен,
Жүректің ұнары – сен,
Сен ғана,
Ақ шолпан, таң сәрі – сен,
Жүректің аңсары – сен,
Сезімнің кәусары – сен,
Сен ғана.
Қайырмасы