MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ағайын
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№2, 3 қараша 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұратхан Егінбаев
2.Құттыбек Баяндин
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Алыстап кетсең сағынған,

Соңыңнан іздеп сабылған.

Қуаныш пен қайғыңа

Өзіңнен бетер шабылған.

Аңқылдаған ағайын

Жарқылдаған ағайын,

Өздерің барда қашан да

Ойын да сауық маңайым.

 

Өзгеге әсте қимаған,

Жанымда жүр деп қинаған.

Төбеңді көріп мәз болып,

Пайғамбарындай сыйлаған.

Пана да болған ағайын,

Дана да болған ағайын.

Көңілді кіршең қалдырып,

Ала да болған ағайын.

 

Берерін пұлсыз беретін,

Жанындай жақсы көретін.

Мінезің бар-ау шырт етпе,

Өсекке көзсіз еретін.

Қолтығы қойнау ағайын,

Жағасы жайлау ағайын.

Ара да түсер ажалға

Шұрқырап келіп әрдайым.

 

Бақытың ұшса, басыңнан,

Табылар әр кез, қасыңнан.

Ағайынға кім жетсін,

Мойныңа қолы асылған.

Тіреуің болар ағайын,

Сүйеуің болар ағайын.

Жақсы менен жаманның

Өткізер бірге талайын.

Жоламас жуық жаттайын,

Қаттылығы тастайын.

Бауыр деп барсаң қасына

Кететін безіп қастайын.

Жаны да бөлек ағайын,

Қамы да бөлек ағайын.

Қысқа да ғұмыр тірлікте

Көрдік-ау оның талайын.

 

Тату да болсаң – қыл өтпес,

Тірлікке мынау – сый жетпес

Дүркіреп өтер жалғанға

Кімдер келіп, кім кетпес.

Сәнім де болғай, ағайын,

Әнім де болғай ағайын.

Жамандап сені өзгеге,

Жақсыны қайдан табайын. 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика