MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ағалар
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№2, 3 қараша 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұратхан Егінбаев
2.Құттыбек Баяндин
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Ағайым асқар алдымда,

Қадірі қымбат қауымға.

Мейірі күндей түсетін

Қарындас пен бауырға.

 

Қорғаным менің панам сол,

Ақылы дария данам сол.

Өмірі үлгі, өнеге

Атымтай-Жомарт ағам сол.

 

Ағасыз өскен інілер,

Қабағынан-ақ білінер.

Ағасы барлар қашан да

Алдымен көзге көрінер.

 

Таудан да биік ірілер

Пайғамбар тұлға пірілер.

Ағасы аман жүргенде

Мақтанбас қалай інілер.

 

Ағасыз тойым болмайды,

Ағасыз ортам толмайды.

Ағасыз жүрген бір күнім,

Жүдетпей жанды қоймайды.

 

Жарқырап құндыз жағалар,

Алдымда жүргей ағалар,

Өздерің барда өмірде

Менің де күнім, бағам бар.    

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика