№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Ғалымбек Омарханов |
Албарынды жастық шақтың бұрқатып жыр-дауылын,
Жалын атқан кездер қайда, білмедің бе, бауырым?..
Балаусалы балғын күндер, гүл шырайлы көктемдер,
Көшін түзеп жөнеп берді-ау, алыстатып ауылын.
Тетелес деп еркелетер, сағындырды жеңгем де,
Дархан дала хош иісі жүр-жүрлейді белдерге.
Бір егіздің сыңарындай қатар өскен қыз қайда?
Ол да елес, бұлдыр сағым, ат байлатпас белдеуге.
Қайырмасы:
Сағынышым, салған әнім, алтын ұям – ауылым,
Бал дәуренім ынтықтырған, думан-базар кауымым.
Басылмайды, басылмайды саған деген сағыныш,
Шақырады балғын шақтар, құрған сайран-сауығым.
Анашымның шуақ қонған алақанын сағындым,
Ауламыздың аппақ ұлпа балапанын сағындым.
Отау тігіп ер жеткен соң, кеттім бе әлде жырақтап?..
Әкем әкеп шөгеретін сары атанын сағындым.
Албарынды жастық шақтың бұрқатып жыр-дауылын,
Жалын атқан кездер қайда, білмедің бе, бауырым?..
Балаусалы балғын күндер, гүл шырайлы көктемдер,
Көшін түзеп жөнеп берді-ау, алыстатып ауылын.
Қайырмасы