№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Сәкен Иманасов |
Аңырақай – кешегі ел намысы,
Ел намысы, қалқаны, қорғанышы.
Құртпақ болған қазақты қас дұшпанның
Жатып алған жолында жолбарысы.
Қайырмасы:
Аңырақай – туған жер,
Халық белін буған жер,
Орман-тоғай, тау мен тасым, өзенім.
Аңырақай – таныс жер,
Аңырақай – намысты ер,
Кеудесімен қорғаған жер өз елін.
Аңырақай! Аңырақай!
Халқым белін буған жер,
Ата жауын қуған жер.
Көңілде нұр, бойында барда күші,
Жаудың бетін қайтарып, жанған ісі,
Аңырақай азаптың алдын кесу,
Аңырақай қазақтың ар-намысы!
Қайырмасы
Аңырақай деп жырлап тас та мына,
Ән қалықтап шығады аспаныма.
Қалай қорғау керегін туған елді
Аңырақай айтып тұр жастарыма.
Қайырмасы