MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Достар-ай
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№2, 3 қараша 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұратхан Егінбаев
2.Несіпбек Айтов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Бұлтарып бұлаңдаса түлкі заман.

Сүрінбей өтем деме бір күн одан, достар-ай.

Сендерсің байлығым да, базарым да,

Табысып тай құлындай шұрқыраған, достар-ай.

 

Қайырмасы:

Бала күннен, ойнап күлген,

Азаймаңдар сеніп жүрген, достар-ай.

Елім деген, жерім деген,

Жалғыз дәнді бөліп жеген, достар-ай.

 

Басыңнан дәурен тайса бәрі бекер,

Қыранға қарғаның да әлі жетер, достар-ай.

Қаптаған ағайының жолда қалсаң,

Қасыңнан теріс қарап ағып өтер, достар-ай.

 

Қайырмасы

 

Тіршілік талай жерде тарықтырар,

Айырып ардақтыңнан зарықтырар, достар-ай.

Жабылып жалған достар жарға жықса,

Шын досын шыңыраудан алып шығар, достар-ай.

 

Қайырмасы

 

Адамды жетелесе өмір сапар,

Ащының, тұщының да дәмін татар, достар-ай.

Құдайым сақта досын сатқандардан,

Жүргендер досын сатып, елін сатар, достар-ай.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика