№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кәкімбек Салықов | |||
2. | Мұратхан Егінбаев |
Дүние көріп жүрмін дауылыңды,
Көтердім арқалатқан ауырыңды.
Өзімді аямадым ажал бар деп,
Сен кейде қимасаң да тәуіріңді.
Сондайда қамықпадым, шарықтадым,
Жырлауға сағынышты жалықпадым.
Тіршілік бар әуреңмен жақсы екенсің,
Мен сені сүйгенімді анықтадым.
Майысқан қарлығаштың қанатындай,
Жүрегім жүз бүктеліп қалатындай.
Махаббат менің қандай жазығым бар,
Әуреге өле-өлгенше салатындай.
Дүние арманым көп қиялдасам,
Өз күнәң ұланыңды жиі алдасаң.
Біткен іс аздау болып туған елден,
Соңыра жарар еді-ау ұялмасам.