№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кәкімбек Салықов | |||
2. | Мұратхан Егінбаев |
Жамбыл ата сара сөз, асыл үнсің,
Әлемге әйгі өзің бір ғасырымсың Жамбылым.
Ел шетіне жау келсе Алатаудан,
Жарқыл қаққан от-жалын жасынымсың Жамбылым.
Қайырмасы:
Ақындардың атасы,
Еліме құт батасы.
Терең сөздің өрлісі,
Төкпе толғау селдісі.
Айтыс сөздің белдісі,
Әзіл, оспақ желдісі.
Абыз – ата, Жамбыл – ата,
Жүз жасаған ер кісі.
Есіміңді құрметтеп етер елең,
Данышпаным – деп халқым мәпелеген Жамбылым,
Аруақ қонған ағасын ұран етіп,
Мұхтар, Сәбит, Күләштар тәте деген Жамбылым.
Қайырмасы
Мақтан етіп, сыйласақ атыңды асыл,
Сен мәңгілік ел, жұрттың қасындасың Жамбылым.
Жетісу мен жер шарын жалғап кеткен,
Адамзатқа тамаша салтың қалсын Жамбылым.
Қайырмасы